Талдықорғандық "Жетісу" футбол клубы алдағы маусымға дайындық жоспарының алғашқы кезеңін бастап кетті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Биылғы оқу-жаттығу жиыны команданың жаңа бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтің жетекшілігімен шымылдығын түріп отыр.
Жаттығу процесінің басты ерекшелігі — құрамның басым бөлігі жергілікті ойыншылардан құралған. Сонымен қатар, негізгі команданың жұмысына жастар құрамының үздік өкілдері де белсенді түрде тартылуда.
Алғашқы жиынның негізгі бағыты — тактикалық сызбаларды пысықтау емес, ойыншылардың ішкі әлеуетін тексеру.
Бас бапкер жақын арада негізгі құрамды толықтыра алатын қосалқы құрам ойыншыларының шеберлігіне баға берді.
Ұзақ үзілістен кейін футболшылардың спорттық бабы мен физикалық мүмкіндіктері сараланды.
Біздің серіктес: FONBET