Жарнама
Жарнама

«Жетісу» камбэк жасады

24.09.2020, 20:13
Жарнама
Жарнама

Талдықорғандық "Жетісу" Премьер-лиганың 10-турында Қарағандылық "Шахтерден" басым түсті. Сегізбаев атындағы стадионда өткен кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Матчтың есебін 25-минутта "Шахтер" ойыншысы Руслан Мингазов ашты. 53-минутта Ламанж командасының екінші голын соқты. 70-минутта Айбар Жақсылықов есепті қысқартты да, 83-минутта дубль жасап, таразы басын теңестірді. Араға бір минут салып Эуженио жеңіс голын соғып кетті.

Осылайша, камбэк жасаған Дмитрий Огай шәкірттері 16 ұпаймен екінші орынға көтерілсе, Қарағандылық команда 12 ұпаймен жетінші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров