Лицензиялау жөніндегі Комиссияның шешімдерін орындамағаны үшін «Жетісу» футбол клубынан үш ұпай шегерілді
«Жетісу» (Талдықорған қ.) клубының қосалқы алаңының ҚФФ Регламентінің талаптарына сейкес болмауына байланысты лицензиялау істеріне жауап беретін Комиссияның шешімдерін жүйелі түрде орындамағаны үшін, Қазақстан футбол федерациясының футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясы «Жетісу» футбол клубына үш ұпай шегеру түрінде санкция қолдану туралы шешім қабылдады.
Аталмыш мәселе 2022 жылдың 1 қарашасына дейінгі шешілген жағдайда, шегерілген үш ұпай клубқа қайтарылады.
Біздің серіктес: FONBET