"Жетісу" Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 21-турында "Ақжайықпен" кездесті. Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өткен матч 2:2 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы гол екінші таймда соғылды. 57-минутта "Жетісу" шабуылшысы Айбар Жақсыоықов есеп ашты. Жеті минут өткен соң Евгений Козлов қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Ал 74-минутта алаңға қосалқы құрамнан шыққан Рауль Джалилов баспен гол соғып, алаң иелерін алға шығарды. Бұған жауапты 80-минутта Еркін Тапалов берді. "Ақжайықтың" жартылай қорғаушысы оң қапталдан асырылған пасты басымен қақпаға дәл бағыттап, командасына бір ұпай сыйлады.
Бір ұпайды қанағат еткен "Ақжайық" бесінші орынын сақтап қалса (29 ұпай), талдықорғандық ұжым соңғы орыннан көтеріле алмады (12 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET