Талдықорғандық "Жетісу" мен "Атырау" 27 жастағы қазақстандық шабуылшы Елжас Алтынбековке қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Өткен жазда шабуылшы "Қайсармен" келісімшартқа отырды, бірақ Премьер-лигада тек төрт матч өткізіп, бір гол соқты. Сондай-ақ, ол "Байқоңыр" үшін Бірінші лигада бір кездесу өткізді.
Алтынбеков "Жетісуға" қайта орауы мүмкін, ол бұл клуб үшін 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін ойнады. Сонымен қатар, футболшыға Премьер-лигаға оралған "Атырау" да қызығушылық танытуда.
Біздің серіктес: FONBET