Жарнама
Жарнама

«Жетісу» мен «Қызыл-Жар» ұпай бөлісті

04.07.2021, 00:55
Қос команда да өте сүреңсіз ойынымен көзге түсті.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы туры қарсаңында "Қызыл-Жарды" қабылдады. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 0:0 есебімен аяқталды.

Қос команда да өте сүреңсіз ойын көрсетті. Алаң иелері небәрі бір ғана дәл соққы жасаса, петропавлдық клубтың ойыншылары екі рет "Жетісу" қақпасын дәл көздеді.

Талдықорғандық клуб бұл ойыннан кейін 11 ұпаймен ең соңғы орында қала берді. 26 ұпайы бар "Қызыл-Жар" алтыншы орынға жайғасты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров