Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өңірдегі футбол командаларының алдағы маусымдағы қызметін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды тендер жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы мәліметтерге сәйкес, лоттың жалпы сомасы 2 423 491 379 теңгені құрайды. Бұл қаражат облыс намысын қорғайтын командалардың республикалық біріншіліктерге дайындығы мен қатысуын толықтай қамтамасыз етуге бағытталған.
Бөлінген қаражат келесі бағыттар бойынша жұмсалады:
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі өтінімдерді қабылдау 23 желтоқсанда басталып, алдағы дүйсенбі, 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл қаражат тек ойыншылардың жалақысы мен іссапар шығындарын ғана емес, сонымен қатар жаттығу процесін, спорттық жабдықтармен қамтуды және көлік шығындарын да өтеуі тиіс.
Біздің серіктес: FONBET