Қазақстан құрамасы бапкері Станислав Черчесов Ұлттар Лигасы алдында жарақат алып қалған Талғат Құсяповтың орнына Асхат Балтабековты шақыртты.
30 жастағы тәжірибелі ойыншы бұрын-соңды Қазақстан құрамасында ойын өткізбеген. Қазірде қаптал қорғаушысы ел жігіттерімен Алматыда қызу дайындыққа кірісіп кетті.
Еске салайық, “Камаз” ойыншысы Талғат Құсяпов Ресейдің төменгі дивизионында “Нефтехимикке” қарсы матчта жарақат алған болатын. Сол себептен оның орнын Асхат басты.
Балтабеков Премьер-лиганың осы маусымында 18 ойын өткізіп, 2 гол мен 3 голдық пас берді.
Айта кетейік, Қазақстан 6 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында Норвегия құрамасымен кім мықтыны анықтайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET