"Тобыл" Қазақстан Премьер-лигасының он алтыншы туры қарсаңында "Жетісуды" қабылдады. Матч Қостанайдағы Орталық стадионда өтіп, 2:1 есебімен аяқталды.
Ойындағы алғашқы голды 19-минутта "Жетісу" футболшысы Аслан Әділ соқты. Ал 35-минутта Неманья Николич пен 48-минутта команда капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден мүлт кетпеді. Бұл Александр Москаленконың қостанайлық клубтың бас бапкері ретіндегі алғашқы жеңісі.
Қостанайлық клуб бұл ойыннан кейін 35 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. "Жетісу" 10 ұпаймен ең соңғы орынға сырғыды.
Біздің серіктес: FONBET