Талдықорғандық «Жетісу» Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында Петропавлдық «Қызыл-Жар СК» командасын жеңді еш қиындықсыз жеңді.
Матч бүгін, 27 тамызда ұлттық құраманың Талғар қаласындағы базасында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.
«Жетісу» стандарттың арқасында жеңіске жетті десек те болады. Бесінші минутта португалдық жартылай қорғаушы Педро Еуженио тікелей бұрыштамадан гол соқса, 41-минутта болгар шабуылшысы Мартин Тошев айып добын сәтті орындады, ал 68-ші Доньет Шкодра тікелей айып добынан гол соғып, ерекше көзге түсті.
Бұл «Жетісу» үшін маусымдағы екінші жеңісі болды, ал «Қызыл-Жар» екінші матчта қатарынан жеңіліп қалды. Жеті ұпаймен талдықорғандықтар жетінші орынға көтерілсе, төрт ұпайы бар петропавлдықтар тоғызыншы орында.
Біздің серіктес: FONBET