Жарнама
Жарнама

«Жетісу» сырт алаңда «Қайсарды» жеңді

25.10.2021, 01:52
Бірінші лигаға ұшқан командалардың ойынында бір ғана гол соғылды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының 25-туры аясында "Қайсар" мен "Жетісу" клубтары үш ұпайды сарапқа салды. Матч Қызылордадағы Ғани Мұратбаев атындағы стадионда өтіп, 0:1 есебімен талдықорғандық клуб жеңіске жетті.

Ойындағы жалғыз әрі шешуші голды 38-минутта "Жетісу" футболшысы Артем Дмитриев соқты. Оның айып алаңының сыртынан бағыттаған соққысы қақпа торынан табылды. Ал 59-минутта "Қайсар" қорғаушысы Ілияс Әмірсейтов екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды.

Үш ұпайды қоржынға салған Ринат Алюетов шәкірттері 15 ұпаймен ең соңғы орында қалды. 16 ұпайы бар қызылордалық ұжым бір саты жоғары тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров