Өткен маусымда талдықорғандық "Жетісу" командасында ойнаған үш легионер командадан кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Екі маусым бойы 30 жастағы болгариялық шабуылшы Мартин Тошев талдықорғандық клубтың сапында өнер көрсетті. Ол 28 матчқа қатысып, 13 голды қанжығасына байлады.
32 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович "Жетісуда" екі маусым ойнап, 50 матчқа қатысты, 6 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.
30 жастағы сербиялық қорғаушы Стефан Живкович "Жетісу" сапында 16 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін беларуссиялық футболшылар: Егор Зубович, Вадим Побудей (Гомель), Андрей Залеский, Никита Наумов ("Динамо Минск"), Андрей Лебедев ("Витебск") "Жетісудан" кеткен болатын.
Біздің серіктес: FONBET