Талдықорғанда бүгін қос аутсайдер арасында тартысты кездесу күтіледі.
Алаң иелері үшін де, түркістандықтарға да 19-тур ойынының маңызы зор. Бірінші айналымда қос клуб тең тарқасқан 0:0. «Жетісу» өткенде Семейде оңбай ұтылды 0:3. Бүгін енді Самат Смақовтың шәкірттері жергілікті жанкүйер алдында сол сәтсіздікті жуып шаю үшін барын салатыны анық.
«Тұран» 18 турда 11 ұпай жинап, 13 орынға жайғасуда. Команда еншісінде 3 жеңіс, 2 тең ойын мен 13 жеңілісті кездесу. Түркістандықтар үшін де өткен тур табысты болған жоқ - оңтүстік дербиде «Ордабасыдан» 0:4 болып ұтылған. Жалпы, соңғы бес ойын жеңілістен көз ашпай келеді. Бүгін «Тұран» Талдықорғанда осы серияға нүкте қоя ала ма?
Біз бұл кездесуде ашық футбол болады деп ойлаймыз және матчтың жалпы тоталы 2.5-тен жоғары деген нұсқа жөн көрінеді. Fonbet.kz бұған 1.98 коэффициент береді.
Біздің серіктес: FONBET