Жарнама
Жарнама

«Жетісу» «Тұранның» нигериялық шабуылшысымен мәміле жасасты

23.03.2022, 16:27
Футболшы өткен маусымда «Қайрат» қақпасына үш гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Талдықорғандық «Жетісу» 22 жастағы нигериялық шабуылшы Стэнли Нкобидің командаға қосылғанын хабарлады.

«Тұран» ФК отбасымен қоштасатын кез келді. Мен Түркістаннан керемет сезіммен кетемін, өйткені мен онда таңғажайып 2 жылымды өткіздім. Осы клубпен байланысты тек жақсы естеліктер есімде сақталады. Мен жанкүйерлерден бастап, басшылыққа, президентке, жаттықтырушылар штабына және «Тұран» ойыншыларына дейін алғыс айтқым келеді.

Бұл клуб менің футболшы ретінде де, тұлға ретінде де өсуіме көмектесті. Әсіресе, жанкүйерлер тарапынан үлкен қолдауға ие болған кезде өнер көрсету керемет сезім сыйлады. Мен сіздерді әрқашан жақсы көремін... Кім біледі, мүмкін жақында көрісерміз. Командаға осы маусымда сәттілік тілеймін!» - деп жазды футболшы өзінің Instagram парақшасында.

2020 жылы нигериялық форвард «Арыс» командасымен келісім-шартқа отырды. 12 матчта 6 гол соққан ол клубқа алғаш рет Премьер-лигаға шығуға көмектесті.

Өткен маусымда Нкоби «Тұран» сапында 22 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Маусымаралық үзіліс кезінде Стэнли «Жетісудың» оқу-жаттығу жиынына қатысып, жолдастық матчтардың әрқайсысында гол соғып, жаттықтырушылар штабының көңілінен шыға білді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров