Украиналық футболшы Темур Парцвания "Жетісу" ойыншысы атанды, деп хабарлайды талдықорғандық клубтың баспасөз қызметі.
29 жастағы қорғаушы Тбилисиде дүниеге келген. 2008 жылдың басында Украинаға көшіп келіп, көп ұзамай Украина азаматтығын алды. Ол киевтік "Отрадный" командасының түлегі. Ол өзінің мансабын "Динамо Киевтің" екінші командасында бастаған. Одан кейін украиналық "Металлург" (Запорожье), "Волынь", "Олимпик" (Донецк), "Десна", венгриялық "Кишварда" клубтарында өнер көрсетті
Украина U19 жастар құрамасымен бірге ол 2009 жылы Еуропа Чемпионатын жеңіп алды.
Ойыншы "Жетісуда" 77-ші нөмірмен ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET