Жарнама
Жарнама

«Жетісу» украиналық жартылай қорғаушы мен нигериялық футболшыны қатарға қосты

31.07.2021, 16:47
Екі футболшының да тәжірибесі аз екен.
Жарнама
Жарнама

"Жетісу" украиналық жартылай қорғаушы Владислав Охрончукпен келісім-шарт жасасты. 24 жастағы футболшы талдықорғандық клуб сапында 5-нөмірмен ойнайды.

Владислав бұған дейін тек украиналық клубтарда өнер көрсеткен. Оның ішінде "Колос", "Подолье", "Николаев" клубтарында доп тепкен. Жалпы клубтық мансабында 47 матч өткізіп, 3 гол соққан, 3 нәтижелі пас берген.

Нигериялық футболшы Угочукву Одуэньи "Жетісу" клубына ауысты. 25 жастағы орталық шабуылшы жаңа командасында 25-нөмірді таңдады.

Одуэньи бұған дейін австриялық ЛАСК, "Хорн", "Рид", хорватиялық "Сесвете" және украиналық "Минай" клубтарында доп тепкен. Осы маусымда "Минай" жейдесінде 9 матч өткізіп, гол соға алмады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров