Талдықорғанның «Жетісу» футбол клубы жаңа екі ойыншымен толықпақ. Команданың спорттық директоры Ерлан Оразаевтың мәлімдеуінше талдықорғандықтардың сапына Әділет Кеңесбек пен Виктор Брага ауысуы ықтимал. Әділет Кеңесбек өткен маусымда Қызылордалық «Қайсардың» намысын қорғаған болатын.
Биылдан бастап «Жетісудың» тізгінін ұстаған Қайрат Нұрдәулетовтың командасында доп тепкен футболшы бапкерінің артынан келгенге ұқсайды. Ал Брагаға келер болсақ, ол өткен маусымда ел біріншілігінде топ жарған шымкенттік «Ордабасыда» өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET