Жарнама
Жарнама

«Жетісу» жастары Францияға аттанады

14.04.2011, 22:24
Жарнама
Жарнама
Сәуір айының 23 мен 25 аралығында Францияның Ле Портель қаласында «Стад Портелуа» дәстүрлі турнирі өтеді. Бұл жарысқа 1994-6-95 жылы туған футболистерден құралған «Жетісу» командасы да қатысады. «Стад Портелуа» халықаралық турнирі дәстүрлі болып табылып, биылғы жылы 35-ші рет өтпек. Қазақстан өкілдері бұл жарысқа бірінші рет қатысуда. Бұл жолғы ойынға екі топқа бөлінген 8 команда қатысады. «Жетісу» француздық «Булонь сюр мер», минскілік «Динамо» мен англиялық «Эшфордом» командаларымен бақ сынасады. Ал, келесі топта мынадай жас-өспірімдер командасы топталған: даттық «Брондбю», франциялық «Васкеалья», болгарлық «Ботева», сондай-ақ турнирдің иелері «Стад Портелуа». Топтық этаптан соң командалар мини-финалда 1 ден 8 орынға таласатын болады. 23 сәуірде «Жетісу» бір ойын, 24-і — екі ойын және 25-і талдықорғандықтар мини-футбол аясында тағы да бір кездесуді өткізетін болады.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров