Талдықорғанның "Жетісуы" 31-жасар жартылай қорғаушы Майк Карвотпен келісімшартқа отырмақ.
Германиялық футболшы немістің "Ганновер-96" командасының түлегі саналады. Клубтың жастар ұжымында ойнаған соң Грекияның екінші дивизионында бақ сынауды ұйғарды. Онда "Фостирас" клубының намысын қорғаған. Майк Карвот сондай-ақ, Германияның төртінші дивизионында да доп тепті. Неміс жартылай қорғаушысының ойнаған соңғы клубы Польшаның екінші дивизионында өнен көрсететін "Погонь Седльце" клубы болатын. Ал жалпы Карвот өз мансабында 290 ойын өткізіп, 16 доп соғып, 21 голдық пас шығарған.
Естеріңізге сала кетейік, "Жетісу" ҚПЛ-дің 14 турынан кейін сегізінші сатыда келеді. Талдықорғандық ұжымның қоржынында 17 ұпай. Көш басында "Ордабасы", екінші орынға "Ақтөбе" жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET