Жарнама
Жарнама

"Жетісу" жеңілістер сериясын жалғастырды

25.09.2011, 01:27
Жарнама
Жарнама
Футболдан ел біріншілігінің 28 тур ойындары өтіп жатыр. Көш басында келе жатқан «Жетісу» Елордағаға барып, алғашқы үштікті қорытындылап тұрған  Астаналықтармен  кездескен-ді. Алайда маусымды тамаша бастаған Талдықорғандықтардан Жұмасқалиевтың жауапсыз голы үш ұпайды жұлып әкетті де көш бастаушы "Жетісу" үш рет қатарынан жеңіліске ұшырады. Осылайша Елжан Батырдың елге айтқан ертегісі шынға айнала бастаған сыңайлы. Ал, аталмыш клубпен өкше тіресіп келе жатқан Қарағандылықтар болса "Ақтөбемен" сырт алаңда тең түсіп, ауадай қажетті ұпайын қанжығасына байлады, және  Талдықорған клубымен бірге топ бастап тұр.  Ал, Шымкетте өткен ойында есеп ашылмады яғни  "Ордабасы" ойыншылары Павлодарлықтардың ордасын бұза алмады. Ал, қызықтың көкесін екінші алтылық танытты. Төменге түспес үшін жанын салды ма әйтеуір, "Қайсар" "Востоктан басым түссе, мұнайшылар "Қайрат" қақпасына үш гол ұрып,  "Алматылықтарды"қапы қалдырды. Және «Тобыл»  сырт алаңда "Таразды" тосыннан толқуға ұшыратты. 1–6 орын «Астана» — «Жетісу» 1:0 (1:0) Гол: Жұмасқалиев 45 (1:0) Алаңнан қуылды: Жалмағамбетов 77 «Ордабасы» — «Ертіс» 0:0 "Ақтөбе" - "Шахтер" 1:1 Голдар: Василевич 49, Аверченко 79 Алаңнан қуылды: Вичюс 66 7–12 орын «Тараз» — «Тобыл» 1:3 (1:2) Гол: Гридин 16 (0:1), Богданов 39 (0:2), Лотов автогол 42 (1:2), Джолчиев 78 (1:3) «Қайсар» — «Восток» 2:0 (0:0) Гол: Малков 67 (1:0), Эдейпо 86 (2:0) "Атырау" - "Тобыл" 3:0 Голдар: Шафф 78 , Чуреев 90 пен. ,  Родионов 90+1
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
УЕФА отырысы
Келесі жаңалық
Аладопта "Аламан бәйге"