Жарнама
Жарнама

Жетісу жеңіске жете алмады

27.08.2011, 02:09
Жарнама
Жарнама
Ақтөбе өз алаңында топ бастаған Жетісуды қабылдап,1:1 есебімен тең түсті. Қарағандыда Шахтер мен Ордабасы ұпай бөлісті. Есеп:2:2.
Төменгі топтағы Тобыл Атыраудан ұтылып қалды. Қайсар Қайратты жеңді. Тараз Востоктан басым түсті. Ал Астана 5:1 есебімен Ертістің осал тұсын тапты. Соңғы екі турда басты қарсыластарына есе жіберген елорда командасы Павлодарлық Ертісті ойсырата ұтты. Мачты ширақ бастаған алаң иелері 21-ші минутта алға шықты. Нұрбол Жұмасқалиев әріптесі Драган Богавацтың қапталдан асырған добын нәтижеге ұластырып, Астананы алға жетеледі. Гол соққан Фах шәкірттері алаңдағы басымдықтарын жалғастыра берді. Бірнеше қауіпті шабуылдарымен көзге түскен темір жолшылар, үзіліске дейін есепті ұлғайта алмады. Ертіс те қарымта шабуылдан үміт күтті. Алайда екінші таймда Астана футболшылары нәтижені ұлғайта түсті. Драган Боговац бұл жолы Таңат Нөсербаевты паспен жарылқады. Шабуылшы мүмкіндікті мүлт жібермей осы маусымдағы 7-ші голын еншісіне жазды. Екінші тайм ортасынан ауған шақта, қонақтардың жағдайы қиындай бастады. Орталық алаңдағы тізгінді мықтап қолға алған Астанаға Ертіс қорғаушылары қарсы тұра алмады. 69-шы минутта бұрыштан асырылған допқа бұрын жеткен Боговац қақпаны дәл көздеп, маусымдағы 11-ші голына көрімдік сұрады. Араға үш минут салып, Игорь Бугаев белсенді. Богавацпен тіл табысқан шабуылшы қарбалас сәттердің бірінде алғы шепке дем берді. Ойынның ортадан басталғаны сол еді, алаң иелері Ертіс қақпасын тағы нысанаға алды. Бұл жолы қорғаушы Чернышов ойын ережесін бұзып, төреші қонақтардың қақпасына он бір метрлік айып добын белгіледі. Пенальти соққысын Драган Богавац дәл теуіп, осы матчтағы екінші голдың авторы атанды. Бес доп айырмасымен алға шыққан Астаналықтар 79-шы минутта қақпаларына бір доп жібергені болмаса, кездесуді ірі есеппен аяқтады. Глеб Мальцев Павлодарлық жанкүйерлерді жұбатқандай болып, ойынға нүкте қойды. Қорытынды есеп:5:1. Астана 25-ші турдан кейін 26 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ертіс 21 ұпаймен бесінші сатыда қалды.
Қайрат НҰРДӘУЛЕТОВ, «АСТАНА» ФК ҚОРҒАУШЫСЫ:
-Жақсы ойындар да, жаман ойындар да болады , Бірақ үш – төрт ойын жаман ойнап қалдық, Бүгін енді шабуылшымыз Бугаев келіп ойынға, кішкене серпін беріп, Ертістен 5-0 жеңілдік қой сол жерде, соны кішкене қайтарайық деп бүгін біраз жиналдық, кішкене кішкене ойын келе жатыр өз қалпына.
Хабар агентігі
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров