Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қазақстандық бір қатар клубтар жолдастық кездесу өткізді.
Талдықорғандық «Жетісу» Иранның суперлигасында өнер көрсететін «Захо» командасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Клубтың ресми сайты жазған ақпаратқа сүйенсек, жетісулықтар сапында жалғыз голды байқауда жүрген футболшы соғыпты. Ал оның аты-жөні жарияланған жоқ.
Биыл Премьер-лигаға қайта оралып, білікті мамандармен және футболшылармен жасақталып жатқан «Оқжетпес» украиналық «Метуллургпен» күш сынасты. Жолдастық кездесуде жеңімпаз анықталмай, тоблода 2:2 есебі тіркелді. Көкшетаулықтар сапындағы Хохлов пен байқауда жүрген футболышының голына, украиналықтар Рудык пен Жураховскийдің көмегімен жауап қатты.