Жарнама
Жарнама

«Жетісудің» жеңісі есептелмеді

11.08.2025, 18:36

Қазақстан Премьер-лигасының 20-турында «Жетісу» клубы сырт алаңда «Оқжетпесті» 10 адаммен жеңіп кетіп еді. Алайда талдықорғандықтар ұпайларынан қағылатын болды.

Жарнама
Жарнама

Белгілі болғандай, «Жетісу» ойыншысы Нұрбол Әнуарбеков бұл ойында алаңға шығуға құқылы болмаған. Ол бұған дейін 20-турдағы «Қайратқа» қарсы матчта да өнер көрсеткен. Ал ол ойын 9 мамыр күні «Жеңіс» күніне байланысты ауыстырылған болатын.

Клубтың спорт директоры Әсет Мұқашев бұл жайт туралы алдын ала хабарсыз болғанын мәлімдеді. Қазақстан футбол федерациясының шешімі бойынша, матч нәтижесі өзгертіліп, «Оқжетпеске» 3:0 есебімен техникалық жеңіс берілді.

Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 32 ұпайға ие болып, турнир кестесінде «Елімайды» қуып жетті. Ал «Жетісу» төменгі орындарға сырғыды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: