Жарнама
Жарнама

«Жетісудың» жаңа маусымдағы бюджет мөлшері белгілі болды

01.02.2022, 18:57
Клубтың алдына Премьер-лигаға шығу міндеті қойылды
Жарнама
Жарнама

«Жетісу» футбол клубында жаңадан тағайындалған директор Қалмұхамет Дөңсебаевтың, сондай-ақ жаттықтырушылардың қатысуымен жиналыс өтті.

Кездесу барысында Қалмұхамет Жағыпарұлы алдағы маусымдағы жоспарымен бөлісіп, клубтың ұзақ мерзімді перспективаға арналған стратегиясымен таныстырды.

Клуб директорының айтуынша, «Жетісу» командасының алдына Бірінші лигадан Премьер-лигаға шығу міндеті қойылды. Сонымен қатар ол футболды дамыту бағытында жергілікті футболшыларды құрамға тарту және шетелдік легионерлер санын азайту керектігін атап өтті.

Клубтың ағымдағы маусымдағы бюджеті 800 миллион теңгені құрайды, бұл қаражат тек негізгі құрамға ғана емес, қосалқы командаға да, сондай-ақ жасөспірімдерге арналған футбол орталығына бөлінген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров