"Жетісуға" Қазақстан құрамасының футболшысы келді

02.03.2024, 13:48

Орталық жартылай қорғаушы Владислав Валильев Талдықорғанның "Жетісу" командасына ауысты. Футболшы өткен маусымда "Ордабасының" жейдесінде өнер көрсеткен. 

Владислав Васильев мансабының біраз бөлігін Беларусь чемпионатында өткізді. Онда "Энергетик-БГУ"," Динамо Брест", "Рух" сынды командаларда ойнады. Орталық жартылай қорғаушы Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 12 ойынға қатысты.