Жарнама
Жарнама

Жиіркенішті жанкүйерлер

Куртуа үшін аспаннан шұға жауа қоймады. 

Жарнама
Жарнама

МАДРИДТІК ДЕРБИ

Ла лиганың 8-туры аясында «Атлетико Мадрид» өз алаңында басты қарсыластарының бірі «Мадридтің Реалы» қабылдады. Бұл ойын «Реал» үшін маңызды ойындардың бірі. Өткен ойында «Барселона» «Осасунаға» қарсы ойында ұпай жоғалтып, турнирлік кестедегі көшбасылығына сызат түскен еді. Сондықтан бұл ойында жеңіске жетіп, Каталониялық команданы өкшелуге жақсы мүмкіндігі болған. Ойынның 64 минутында Эдер Милитао есепті ашты. Бұл ойынның басты оқиғасы голдан кейін басталды.

НЕГЕ БӘРІ БОҚ?!

Дәл осы матчтың 70 минутында ойын тоқтатылды. Жанкүйерлер «Атлетиконың» экс-ойыншысы, қазіргі «Реалдың» қақпашысы Тибо Куртуаға қолдарына түскен дүниесін лақтырған. Тіпті арасында пышақ пен үлкен дәрет жаудырған жанкүйерлер де табылды. Қуанышқа орай, стадионға келген ағайын мергендігімен көзге түспеді. Бас төреші Бускетс Феррер бірнеше минутқа ойынды тоқтатты. Тіпті ойынның жалғасуы екіталай болған еді. Дегенмен, дер кезінде жанкүйерлерді тыныштандырып, тәртіп бұзғандарды стадионнан шығарып жіберді. Ойын 70 минуттан бастап жалғасты. Негізгі уақыт аяқталғаннан кейін, бас төреші қосымша 8 минут қосты. 90+6’ минутта Анхель Корреа таразы басын теңестіріп үлгерді. Осылайша Мадридтің «Реалы» осы маусымдағы 3-ші тең ойынын өткізді. Негізінен, соңғы рет жеңісті серияны «Атлетико» бұзған, содан бері 1 жыл өтті. «Реал Мадрид» қазіргі таңда Ла Лигада 40 ойын қатарынан жеңіліссіз келеді.

КУРТУАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ?

Бас бапкер Анчелотти мырзаның айтуы бойынша, Куртуа бұлшықет ауырсынуын сезінеді. Ол бүгін медициналық тексерістен өтеді екен. Бас бапкер дәл осылай қысқа қайырды. Медициналық тексерістен кейін, психологпен де жұмыс істейтін секілді. Өйткені үлкен дәрет пен пышақ қақ төбеңнен төніп келе жатса, оңай ма? Абырой болғанда сұңғыла бойлы Куртуаның тұла бойын ластай алмады. Тіпті көршіден келген сарқыттай алаң жиегіне өзі шығарып тастады. Былайша айтқанда, саспады. Бұл әңгімеміздің түйінін Абай атамыздың мына өлеңімен қорытындылайық. 

Адам — бір боқ көтерген боқтың қабы,
Боқтан сасық боласың өлсең тағы. 
Менімен сен тең бе деп мақтанасың, 
Білімсіздік белгісі — ол баяғы.

Абай Құнанбайұлы

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: