Жарнама
Жарнама

«Жилина» жастары «Тобылдың» тас-талқанын шығарды

13.08.2021, 05:42
Еурокубокте тәжірибенің ешқандай пайдасы болмайтынын словакиялық жас жігіттер дәлелдеп берді.
Жарнама
Жарнама

"Тобыл" Конференция Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде "Жилинадан" оңюай ұтылды. Словакиядағы "Жилина" стадионында өткен матч 5:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Кездесудің 14-минутында Дюрис алыс тоғыздықты дәл көздеп есеп ашты. Ал 41-минутта Руснак есепті еселеді. Жастар мұнымен тоқтап қалмады. Ойынның 64-минутында Бишакчиян командасының үшінші голын соқты. Қосалқы құрамнан алаңға шыққан Тибор Слебодник матчтың нүктесін қойды ма деп едік, қосымша уақытта Бишакчиян дубль жасады.

Осылайша, қостанайлық клуб еурокуюоктегі жорығын аяқтады. Ал "Жилина" жастары келесі кезеңде "Селтик" - "Яблонец" жұбында жеңілген командамен күш сынасады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров