Жирона осыдан бірнеше сағат бұрын "Хетафеден" жеңіліп, "Реалмен" чемпиондық бәсекеден шығып қалған секілді.
Осылайша, "Жирона" қатарынан сырт алаңдағы ТӨРТІНШІ жеңілісіне ұшырап отыр. Ал көштің басындағы "Реалмен" ұпай айырмашылығы 10-ға жетті. Енді Мадридтік клуб жеткізе қоймас. Бірінші орны былай тұрсын, осы турда "Барселонаны" алдына түсіріп алуы кәдік. Ол үшін Хавидің командасы "Атлетиконы" қапы қалдыруы тиіс. Ал ойынның өзіне келер болсақ, матчтың тағдырын Сантьягоның 33-минуттағы голы шешіп кетті. "Жирона" қанша тырысқанымен алаң иелерінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Сонымен, "Жирона" 29-шы турдан кейін 62 ұпай жинады. "Реал" еншісінде 72 пункт. Ал үшінші орындағы "Барселонада" 61 ұпай. Енді бұдан былай "Жирона" чемпион бола алады ма дан көрі, екінші орын ала ала ма?" деген сұрақ орынды сияқты...
Біздің серіктес: FONBET