Жарнама
Жарнама

Жиырма екі жыл өтіпті-ау

12.06.2020, 16:14
Жарнама
Жарнама

Осыдан 22 жыл бұрын.. 1998 жылдың 10 – маусымы. Алматыда күн уақытында шықты. Түске таман құрық бойы көтерілді. Табиғат тосын мінез танытқан жоқ. Тұрғындар үйреншікті күйбің тіршіліктеріне кірісті. Аса абыр-сабырды байқамадық. Бірақ біздер қобалжулы едік. Өйткені қазақ тарихында тұңғыш рет отандық теле арна әлем чемпионатынан тікелей репортаж таратуға тиіс болатын. «Хабар» Мундиал -98 ден тікелей репортаж көрсетеді. Жұмысқа асықтық. Сапырылысқан халық. Іште. «Хабарлықтар». Мұрындарына су жетпей жүр. Салқынқанды Диас ағам ғана. «Бүгін Астананың тұсаукесері ғой, ел соған жанталасуда. Екеуміз өз тіршілігімізді пысықтайық». Сонда жетті. «Бәсе бәрі неғып әлемчемпиоантышыл бола қалды десек». Айтулы екі дата қатар келген екен ғой. «Толғағы тоқсан қатын бір күнде». Омаров көке екеуміздің жағдайымыз оңайдан емес. Түнде репортаж. Қолда ещқандай протокол жоқ. Интернеттің иісі де сезілмеген тұс. Деректі қайдан аламыз? Әр команданың толық құрамы бар. Бірақ ойынды бастайтын негізгілер кімдер? Санаулы сәттерде бас бапкерге айналып, өз нұсқамызды жасадық. Сосын матч алдында титр беріледі. Үлгергенімізше нақтылап аламыз. Диас аға айтады, «сен по верхам, мен по низам». Олай айтатын жөні бар. Ол кезде «Хабарда» «развозка» бар. Тау жақта тұратындар бір көлікке, төмендегілер екіншісіне аяқ артады. Содан қалыптасқан афоризм. Қысқасы кірісеміз. Белгілеуге. Енді маман болған соң, қисынын біліп отырамыз. Кімдердің негізгі құрамда жүретінін. 

 Қызығы көп еді ғой, сол кезеңнің. Бір байып қалғым келді. Күнделік жасауды мойынға алдық. Радиодан жарты сағаттық бағдарлама әзірледік. Негізі жұмыс тағы бар. Жырғайтынымыз анық еді. Түн баласы ұйықтамаймыз. Күндіз тағы жұмыс. Құр сүлдер қалды. Әй, армансыз арықтадық-ау. Үйге тамақ ішу үшін ғана келеміз. Кейде есік алдында балалар доп теуіп жүреді. Он минутқа қосыламыз. Жүргізуші Керімжанның айтатыны ғой. «әй сенің доп теуіп болғаныңды күтіп тұрушы едік», - деп. Көлік санаулы сағатқа алып барып- келеді. Көрген артықщылық сол. Әйтпесе үлгермейміз. Әлем чемпионаты аяқталып, табель жабылып, ақша алатын күн таяды. Шопырлар шаттанып жүр. Жуғызбақшы. Дайын едік. Карточканы салып қалдық. Талып қала жаздадық. Көз үйренген цифрлар. Қасымыздағылар жұбатып жатыр. «Ер жігіттің басына не келіп, не кетпеген». Ыржиып күлдік.

Амангелді Сейітханов

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров