Жоао Пауло “Қайрат” командасының топ-5 сұрмергендері қатарына кірді

“Шахтерге” қарсы “Қайрат” сапында 35 голын соққан Жоао Пауло алматылық клубтың үздік сұрмергендері тізіміне енді.

Пауло “Қайрат” құрамында Премьер-лигадағы алғашқы кездесуін 2021 жылдың 21 қыркүйегінде жоғарыда атап кеткен Шахтерге қарсы өткізді (1:1). Сол ойында ол шабуылшы Вагнер Лавты алаңда алмастырды. 

Алматылық ұжымда Жоао осы уақытқа дейін 70 ойын өткізіп, 35 голдың авторы атанды.

“Қайрат” ФК үздік сұрмергендері:

1. Жерар Гоу – 80 гол;

2. Әлібек Булешев – 75;

3. Бауыржан Исламхан – 50;

4. Исаэль Барбоза – 38;

5. Жоао Пауло – 35;

6. Арсен Тлехугов – 34;

7. Асқар Әбілдаев – 34.

Материалда: