Жарнама
Жарнама

Жоао Пауло «Қайратқа» ауысады

05.07.2021, 17:26
«Қайрат» 33 жастағы шабуылшы үшін «Ордабасыға» ақша төлейді.
Жарнама
Жарнама

KazFootball.kz сайтына белгілі болғандай, "Ордабасының" 33 жастағы бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло "Қайрат" клубына ауысуға жақын.

Паулоның шымкенттік клубпен келісім-шарты осы жылдың соңында аяқталады. Сондықтан алматылық клуб шабуылшы үшін "Ордабасыға" ақша төлейтін болады.

Жоао Пауло Қазақстанда үшінші маусымын өткізуде. Ол 2019 жылдың қысында "Лудогорецтен" "Ордабасыға" жалдау шарты бойынша ауысып келген еді. Келесі жылдың қаңтарынан бастап ол еркін агент ретінде толыққанды шымкенттік клубтың ойыншысы атанды.

Пауло - "Ордабасы" тарихындағы ең үздік сұрмерген. Осы маусымда ол 14 кездесуге қатысып, 8 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров