Бүгін "Ордабасы" Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екінші матчын өткізді. Ресейлік "Алания" клубымен болған кездесу 5:1 есебімен шымкенттік клубтың пайдасына аяқталды.
Жоао Пауло төрт бірдей голдың авторы атанды, ал бір голды Мирзад Механович өз атына жазды. Бұл матчқа қаралымда жүрген 27 жастағы нигериялық футболшы Чиди Осучукву және Еркебұлан Тұңғышбаев қатысты.
Еске салайық, "Ордабасы" бұған дейін өзбекстандық "Навбахор" клубын 2:1 есебімен жеңген болатын.
Біздің серіктес: FONBET