Жарнама
Жарнама

Жоау Фелиш - Еуропа лигасында хет-трик жасаған ең жас футболшы

13.04.2019, 03:56
Жарнама
Жарнама
Тек "жаңа Роналду" деп айдар таға көрмеңдерші. Оған қоса, Еуропа лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды.  Еуропа лигасының 1/4 финалында "Бенфика" өз алаңында Франкфурттың "Айнтрахт" командасын 4-2 етіп ұтып, сырта алаңдағы ойынға екі гол айырмасына сеніп бармақ. Ал ойынның басты қаһарманы 21, 43 және 54 минуттарында гол соққан Жоау Фелиш Секейра атанды. Нәтижелі 3 соққысының арқасында 19 жастағы полтугалдық Еуропа лигасының тарихындағы хет-трик жасаған ең жас футболшы болып отыр. Бұл туралы бүгін Еуропа лигасының ресми сайты мәлімдеді. Су жаңа рекорд иесі Жоау 19 жас 152 күнді артқа тастаса, алдыңғы көрсеткіш "Фиорентина" шабуылшысы Марко Пьяцаға тиесілі болатын. Хорват сұрмергені аталған белесті 19 жас 219 күн көрсеткішімен бағындырған еді. Жоау Фелиштің Португалия чемпионатында 20 матчқа қатысып, соққан 10 голы мен 4 нәтижелі пасы бар.

 Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров