Жарнама
Жарнама

Жоғары дивизионға шыққан командалар анықталды

30.05.2022, 15:17
Англия Премьер-лигасына Чемпиондар лигасын жеңген команда жолдама алды.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 29 мамырда «Ноттингем Форест» Англия Премьер-лигасына берілетін жолдамаға иелік етті. Стив Купердің шәкірттері плей-офф кезеңінің финалында «Хаддерсфилд Таун» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды 43-минутта «Хаддерсфилд» қорғаушысы Леви Колвилл қақпасына соғып алды.

Айта кетейік, «Ноттингем» 1998/1999 жылғы маусымнан бері алғаш рет Англия Премьер-лигасында өнер көрсетпек.

«Орманшылардан» бөлек, жоғары дивизионға «Фулхэм» мен «Борнмут» клубтары шықты. Өз кезегінде «Бернли», «Уотфорд» және «Норвич Сити» Премьер-лигадағы орындарын босатты.

Кеше Испания чемпионатының екінші дивизионындағы соңғы тур ойындары өтті. Маусымның қорытындысы бойынша «Альмерия» Сегунда чемпионы атанды. Ла Лигаға берілетін екінші жолдаманы «Вальядолид» жеңіп алды.

Плей-офф кезеңі арқылы «Эйбар», «Лас-Пальмас», «Тенерифе» және «Жирона» клубтары соңғы жолдаманы сарапқа салады.

Кеше Франция чемпионатына қатысу құқығы үшін «Сент-Этьен» өз алаңында «Осерді» қабылдады. Матч 1:1 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында 5:4 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Қос команда арасындағы алғашқы ойында да жеңімпаз анықталмаған еді (1:1).

Айта кетейік, «Сент-Этьен» 18 жылда алғаш рет Франция чемпионатынан ұшып кетті. «Осер» өз кезегінде 2012 жылдан бері алғаш рет Лига 1-де бақ сынамақ. Екінші лигада үздіктер қатарынан көрінген «Тулуза» мен «Аяччо» клубтары да жоғары дивизионға жолдама алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров