Жарнама
Жарнама

Жол апатынан кейін футболға қайта оралған «Атырау» ойыншысы «Ақсу» клубына қосылды

07.05.2021, 00:30
Футболшы бір жыл сегіз ай бойы жасыл алаңға шыға алмаған еді.
Жарнама
Жарнама

25 жастағы қорғаушы Дәурен Мәжитов "Ақсу" сапына қосылды, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Мәжитов биылғы маусымды "Атырауда" бастады, тіпті бесінші турда "Жетісумен" болған матчта (2:2) командасын капитан ретінде алаңға бастап шықты және сол ойында дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алды.

Дәурен Мәжитов - "Атырау" клубының түлегі. Ол өзінің мансабын 2017 жылы дәл осы клубта бастады. 2019 жылы 10 наурызда қызылордалық "Қайсарға" қарсы өткен матчта Премьер-лигадағы дебюттік голын соқты. Жадпы ол "мұнайшылар" үшін 39 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген.

2019 жылдың қыркүйегінде Дәурен Мажитов жол апатына ұшыраған еді. Жазатайым оқиға футболшы үйіне қайтып келе жатқанда орын алды. Бұл апаттан кейін Дәуреннің бірнеше жері сынып, футболдағы мансабы бұлыңғыр болып көрінді. Қуанышқа орай, футболшы қалыпқа келіп, жасыл алаңға қайта оралды.

Еске салайық, ол өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың 24 тамызында Қостанайда, "Тобылға" (0:2) қарсы матчта өткізген болатын. Араға бір жыл сегіз ай салып, ол "Жетісуға" қарсы өткен матчта алаңға шықты (2:2).

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров