"Ордабасы" және "Тұран" командалары арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Тұран” сапынан 18 жасар Захар Порох гол соққан болса, Эльхан Астанов 11 метрлік айып добын мүлт жібермей Шымкенттіктерді жеңілістен аман алып қалды.
2026 жылғы ҚПЛ кестесінде “Ордабасы” әзірге 7 ұпай еншілеп, Астанамен бірге көш бастап тұр. Бірінші турда “Ертіспен” 2:2 тең ойнаған олар, екінші айналымда елордалық “Жеңісті” Астана Аренада 2:0 есебімен ұтқан болатын.
Биыл Бірінші лигада бақ сынайтын “Тұранға” келсек жаңа маусымдаға алғашқы ойынын 2-ші Сәуір күні “Оңтүстік” командасына қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET