Алматылық «Қайрат» бас бапкері міндетін атқарушы Жора Арутюнян УЕФА Конференция лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турда Италиялық «Аталантаға» қарсы өткен матчқа пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бергамо қаласында өткен кездесуде Қазақстандық команда азулы қарсыласымен 1:1 есебімен тең түсіп, маңызды нәтижеге қол жеткізді.
Ойыннан кейін Жора Арутюнян футболшыларының алаңдағы өнеріне жоғары баға беріп, олардың жанкештілігі мен табандылығын ерекше атап өтті.
«Эмоциямызды сөзбен жеткізу қиын. Ең алдымен барлық футболшыларға алғыс айтқым келеді. Бұл – бірінші кезекте олардың еңбегі. «Аталантамен» тең түскенімізді жеңіске тең нәтижеге балауға болады. Киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, әр ойыншыға жеке алғысымызды білдірдік. Егер алдағы кездесулерде де дәл осылай өнер көрсететін болсақ, жеңістер міндетті түрде келеді», – деді Арутюнян.
Осылайша, Алматылық клубтың уақытша бас бапкері Италиядағы нәтижеге көңілі толатынын жеткізіп, команда алдағы матчтарда да осындай ойын өрнегін сақтай алса, жеңіске жетуге мүмкіндігі мол екенін атап өтті.
Біздің серіктес: FONBET