Жорди Роура жақын күндері Барселонаның спорт директоры атануы мүмкін
07.01.2015, 20:58
Жарнама
Жарнама
Барселона академиясының директоры Жорди Роура жақын күндері Барселонаның спорт директоры атанады деп күтілуде.
"47 жастағы бұл маман, маусым айына дейiн Барселонаның спорттық директоры болады, ал содан кейін Фиорентина клубының спорттық директорының көмекшісі Эдуардо Масия келеді" деп хабарлайды beIN Sports тiлшiсi Танкреди Палмери.
Естеріңізге сала кетейік, Жорди Роура 2013-шi жылы бапкердің көмекшісі болған. Бір уақыттары Тито Виланова науқастанып жүргенде Барселонаны өз тізгініне алған болатын.