Жарнама
Жарнама

Жоржиньо «Арсеналға» қарсы ойын туралы: алға жылжуды жалғастырамыз

Бүгін, 12:27

«Қайраттың» шабуылшысы Жоржиньо «Арсенал» қақпасына соққан голына қатысты пікір білдірді.

Жоржиньо "Қайрат" ФК шабуылшысы
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, португалиялық футболшы матчтың жетінші минутында пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірген – 1:1. Ал кездесудің өзі 3:2 есебімен «Арсеналдың» жеңісімен аяқталды.

«Әрине, гол соғу – әрдайым керемет сезім. Ал «Эмирейтс» стадионында гол соғу – мүлдем бөлек деңгей. Осындай тәжірибе жинағаныма қуаныштымын, командамды және жігіттерді мақтан тұтамын. Біз алдағы уақытта да еңбек етуді, армандауды және алға жылжуды жалғастырамыз», – деді футболшы «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында.

 

«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңін 1 ұпаймен, ең соңғы орында аяқтады. Ал лондондық клуб 8 ойынның барлығын ұтып, көш бастады.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров