"Ливерпульдің" жартылай қорғаушысы Жоржиньо Вейналдум ПСЖ-ға еркін агент ретінде ауысады, деп жазды журналист Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында.
"Барселона" мен ПСЖ ойыншы үшін талас жүргізген болатын. Дереккөздің хабарлауынша, ойыншы француз клубының 2024 жылға дейін есептелген келісім-шартын қабылдаған. Париждік клуб Вейналдумға бәсекелесінен екі есе көп жалақы ұсынған екен.
Каталондық клуб ұсынысты жаңартқысы келмейді, сондықтан голландиялық жартылай қорғаушыны алудан бас тартты. Бұған дейін "Барселона" өзінің медициналық штабын Нидерланды құрамасына ойыншыны медициналық тексеруден өткізу үшін жіберуді жоспарлап отырған болатын. Оның үстіне, бұл трансферді "Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман мен команда капитаны Лионель Месси де мақұлдады.
Біздің серіктес: FONBET