«Реалдың» бапкері Жозе Мауриньо чемпиондар Лигасының 1/8 финалында ЦСКА оның командасына жеңілетінін айтты.
Баспасөз маслихатында журналистердің бірі португалдыққа сұрақ қойды: «ЦСКА Еурокубоктар аясында бірде бір испаниялық командадан жеңіліп көрмеген, бұл жайт сізді алаңдатпайды ма?».
- Ертең жеңіледі деген сөз, – күлімсіреп.
Португалдық маман шәкірттерінің психологиялық тұрғыдан дайындығы мықты екенін алға тартып, ертеңгі ойында қарсыласын «деңгеймен-ақ» жұта салатынына сенім білдірді.
- Ойын жоспары әлі ойластыруда. Әлі де дайындаламыз. Жеңіске жетуді мақсат етеміз. «Жоқ» дегенде нәтижелі тең ойын көрсетуіміз керек.
Үздік ойыншыларыңыздың түгелін алаңға шығарасыз ба, әлде арасында сақтап қоятындар бар ма?
- Сақтағаннан не пайда? Қайсысы шығып қайсысы отырса да, айырмашылық жоқ. Команданың құрамы ЦСКА-ға байланысты болады. Қарсыласымыз ауа райына да алаңға да үйренген, сондықтан матч арнайы дайындықты керек етеді.
Мен шәкірттерімнің ой-санасына әсер еттім, сондықтан бізде кездейсоқ жеңістер мен жеңілістер болмайды. Алдымыздан мықты қарсылас шықса да, әлсізі кездессе тиесілі үш ұпаймызды ешкімнің еншісінде жібермеуге дағдыланып алдық, – деді Мауриньо.
Сонымен қатар, атақты бапкер ЦСКА-ның күшті жақтары мен нашар тұстарын атап өтті.
- Біріншіден, қорғанысы жақсы. Алғы шебі де жаман емес.
-
Алексей Березуцкийдің айтуынша дайындық тұрғысынан әлемде «Реалмен» теңдес команда жоқ.
- Коэнтрау мен Березуцкийді қатар қойып көрейік, сосын білетін болармыз айырмасын.
http://www.alaman.kz