Португалиялық маманға Суперлигадағы көшбасшының бірі – Фенербахче тарапынан үлкен қызығушылықтың барын «The Sun» басылымы мәлімдеген.
Ыстамбұлдық клуб алдағы уақытта Моуриньюмен әріптестік жөніндегі келіссөздерді бастамақ. Португалиялық бапкердің соңғы жұмыс орны Рома болатын. Ол Римдік команданың тізгінін 2021 жылы ұстап осыдан екі ай бұрын жұмысын босатты. Жозе Моуриньюдің жаттықтыруымен «Рома» 2021/2022 жылы Конференция лигасын ұтып алған болатын. Ал келесі маусымда «қасқырлар» Еуропа лигасының финалына дейін жетті. Айта кетейік, сондай-ақ, Моуринью «Тоттенхэм», «Манчестер Юнайтед», «Челси», «Реал», «Интер», «Порту», «Лейрия» мен «Бенфиканы» жаттықтырған.
Біздің серіктес: FONBET