Жарнама
Жарнама

Жозе Моуриньо кесірінен “Фенербахче” клубы шығынға ұшырады

Түркиялық команда португалдық маманның тұрған қонақ үйінің ақысын төлеуге міндеттелді.

Жарнама
Жарнама

Бапкер Жозе Моуриньо Фенербахче бапкері болысымен, Босфор жағасындағы 5 жұлдызды Four Seasons қонақ үйінде орналасыпты. Ол клубтың дайындап берген жеке үйін жақтырмай, люкс апартаментінде 1 жыл тұрған екен. 

Жозеге қызмет жасаған қонақ үйдің бір жылдық құны 800 мың еуроға шарықтапты. Ал  ол шығынды португалдық бапкер өз қалтасынан төлемей “Фенербахче” клубын борышкер тізіміне енгізіп кеткен екен. Ендігі кезекте Стамбұл ұжымы Моуриньоның қарамағында болған 5 мейрамханасы, бассейндері мен фитнес залы бар қонақ үйдің қарызын төлеп беруі тиіс.

Айта кетейік, Жозе қонақтаған люкс апартаментінде бір күн қонақтаудың құны 649 мың теңге тұрады.

Стамбұлдық команданы тұғырыққа тіреп кеткен бапкер, онысымен қоймай “Фенербахчеден” 100 млн теңге өтемақы талап етуде. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: