Жарнама
Жарнама

Жозе Моуриньо өзінің бапкерлік мансабындағы ең нашар нәтижеге қол жеткізді

22.10.2021, 15:37
Жозенің «Ромасы» норвегиялық клубтан 6:1 есебімен ұтылды.
Жарнама
Жарнама

Португалиялық бапкер Жозе Моуриньоның командасы алғаш рет бір матчта 6 гол жіберді.

Жаттықтырушылық мансабында Моуриньо португалиялық "Витория" (Сетубал), "Униан Лейрия", "Порту" клубтарын, екі рет англиялық "Челсиді", одан бөлек, "Интер", "Реал", "Манчестер Юнайтед" және "Тоттенхэм" командаларын жаттықтырды, қазір Италияның "Рома" клубын баптауда. Португалиялық маман осы уақытқа дейін командасының бір матчта бестен артық гол жібергенін көрмеген.

Ал кеше Конференция лигасының топтық кезеңінің 3-турында норвегиялық "Будё-Глимт" "Романы" 6:1 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров