«Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо 18 жастағы шабуылшы Феликс Афена-Гьянға жаңа аяқ киім сыйға тартты.
Осылайша, бапкер А сериясында «Дженоамен» болған (2:0) матч алдында ойыншыға берген уәдесінде тұрды. Бұл ойында Афена-Гьян қосалқы құрамнан алаңға шығып, дубль жасаған болатын.
Матчтан кейін Моуриньо: «Мен Феликске ұнайтын аяқ киімді алып беруге уәде бердім, ол өте қымбат тұрады екен, бағысы 800 еуроны құрайды. Ол алғашқы соққан голынан кейін маған жүгіріп келіп, берген уәдені ұмытпауымды айтты! Біз Римге келгенде, мен бірінші кезекте дүкенге барамын», - деген еді.
Афена-Гьян өзінің Instagram парақшасында жаңа аяқ киімін көрсетіп, Моуриньоға алғысын білдірді.
Біздің серіктес: FONBET