Бірінші наурыз күні Уэмбли төрінде “Тоттенхэмді” тізерлеткен “Ақсүйектер” Англия лига кубогын ұтқанын білеміз. Бүкіл Еуропа футболын бес саусағындай білетін, қарт құрлықтың төріне өз хандығын құрғанына он жылдан асқан Жозе Моуриньоның бұл жеңісіне жағасын ұстап таңғала қойған жан болған жоқ. Тіпті, басқаларға португалдық маман бұл кубокті қалпақпен-ақ ұрып ала салғандай көрінген. Чемпиондар лигасының шыңына өз туын екі мәрте қадап үлгірген Моуриньоға бұл жеңіс таңсық еместей сезілген. Бірақ, жанкүйер жәй қараған жеңіске Жозе жыларман боп қуанғаны қалай? Чемпиондар лигасының алтын медалын да мойыннан алып қалтасына сала салуға дәті жеткен дәнішпан осы бір кішкентай жеңісіне бола неге мұншама мәз болды?
Бұлай деуімізге себеп, ойыннан соңғы марапаттау сәтінде Моуриньоның қуанғаны сонша: жүгірді, секірді, аяғын аспанға көтері. Қысқасы, жасы 52 ге толған бапкер бес жастағы баладай қуанғанна жол болсын дедік. Бұданда маңыздысы, камера көзіне ілініп қалған мына көрініс болды:
Алдымен Жозенің жеңісті жолына көз салып көрейік. Анығы бұл маманың бапкерлік жолы аңыздағыдай басталды, Еуропа футболында ешқандай да ойып алар орыны жоқ команда “Портудың” тізгінін ұстаған жылдары тұтас Еуропаны табанының астында тулатты. “Порту” Жозенің жетегінде жүргенде оның жолын тосуға қарт құрлықтың ғасырлық алпауыттары да әлсіздік танытты.
Бұл фантастикалық жеңісті жылдар тарих қойнауына 2003, 2004 деп таңбаланған еді. Дәл сол мезгілден басталған жеңіс бір толас тапқан жоқ. 2003-2012 аралығында бірде-бір жылы кубоксыз өткен емес, құрығанда біреу, болмаса, екі не үш кубок оның қоржынында сыңғырлап кете баратын...
Абромвичпен бірге “Ақсүйектерді” бастап Англияны “жаулаған” жылдары да; италиялық “Интермен” бірге бүкіл Еуропаны бағындырған мезгілде де; Португалия, Англия, Италиядан өзіне тең қарсылас таппай Испан асып, қылау шалмаған қап-қара шашын ағартқан “Реалдағы” үш жылдада қанжығасы құр қайтқан емес.
Моукеңнің мақтаншақтығы дерсіз:- “аспанда- құдай, жерде- мен біріншімін”- дейтіні бар. Осылай деген, футбол әлемінде дегенне жеткен Жозенің үш жыл, анығы 914 күн, бойы бірде-бір кубокқа өз енін салып, таңбасын баса алмағаны бір біздің ғана емес, бапкердің өзінің де жанын жегі құрттай жеп жүрсе керек. Өткен күннің өзекті өртеген өкініші өз қолымен көтерген кішкентай болсада кубогнде көрініс тауып, көзіне жас болып үйірілсе керек...
Тактикасы таңғалдырарлық, қарым-қабілеті қайран қалдырарлық білікті бапкердің білгенін біліп, түсінгенін түйсіну бізге мүмкін емес ғой, бірақ, мақтаулы маманның Англия лига кубогн ұтқан сәтінде сәл көңілі босағандай болып, көзін көлегейлеп тұрғандай болған бейнесі бізді осындай ойға жетелеп, осы ой толғамды жазуға түрткі болды.
Бүгінде Жозенің командасы Англия кубогнда жолдан шығып қалғанымен, ел біріншілігінде көш басында оқ бойы озық келеді, чемпиондар лигасын ұтуға да мүмкіндігі зор. Демек Моуриньоның бүгінге дейін 21 кубок түскен “алтын сандығы” биылғы маусымның өзінде тағы екі бәйгемен толығуы әбден мүмкін...
Есімі |
трофей саны |
өткізген ойын саны |
ойын/кубок |
Моуриньо |
21 |
727 |
34.6 ойын/кубок |
Гвардиола |
19 |
378 |
19.89 о/к |
Боп Пейсли |
20 |
535 |
26.75 О/к |
Оттмар Хитцфельд |
26 |
1039 |
39.96 О/к |
Луи Ван Гал |
19 |
831 |
43.73 О/К |
Дель Боске |
10 |
472 |
47.2 О/К |
Капелло |
13 |
625 |
48.07 О/К |
Манчини |
13 |
627 |
48.23 О/К |
Фергюсон |
44 |
2131 |
48.43 О/К |
Марчелло Липпи |
19 |
958 |
50.42 О/К |
Анчелотти |
16 |
952 |
59.5 О/К |
Бенитес |
12 |
912 |
76.0 О/К |
Венгер |
17 |
1487 |
87.47 О/К |
Қуанышхан ӨМІРХАН