Жарнама
Жарнама

Жүйкесі сыр берген Вайсс: 16 жастағы Дастан Сәтпаев «Қайраттың» басты қаһарманы атанды

06.08.2025, 22:14

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында Братиславаның (Словакия) «Слован» командасымен өз алаңында кездесті.

 

Абай Жансарбаев
Жарнама
Жарнама

Бірінші таймда алаң иелері айқын басымдыққа ие болып, бірнеше қауіпті сәттер жасады. Алайда оларды голға айналдыра алмады. Екінші таймда қонақтар шабуылды жиілетіп, белсенді ойын көрсетті. Бірақ 65-минутта Рахим Ибрахим қызыл қағаз алып, алматылықтар ойынның соңғы бөлігін сан басымдығымен өткізді. Соған қарамастан есеп тек 90-минутта ашылды. Дастан Сәтпаев пенальтиден  дәл әрі сенімді орындап, «Қайратты» алға шығарды. Есеп: 1:0. Ал қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир Вайсс та жүйкесі сыр беріп, алаңнан қуылды.

Жауапты ойын 12 тамыз күні Братиславада өтеді.

«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — «Слован» (Братислава, Словакия) 1:0 (0:0)
Гол: Сатпаев (пенальти), 90-минут (1:0)
Қызыл қағаз: Ибрахим, 65-минут

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: