Жарнама
Жарнама

Жуков «Чарльтон Атлетикке» ауысуы мүмкін

09.12.2014, 21:03
Жарнама
Жарнама
Dnaub2aVXdw«PROСПОРТ» тілшісіне футболшының өзіне жақын дереккөзден белгілі болғандай, Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Георгий Жуковқа еуропалық чемпионаттардан ұсыныстар түскен.
Оның ішінде Англия біріншілігі де бар. Естеріңізге сала кетсек, осы маусымда Жуков елордалық «Астана» сапына жалға берілген болатын. Қазір ойыншының құқығы бельгиялық «Стандартқа» тиесілі. Енді клуб жас ойыншысының мансабын қайда жалғастыратынын қарастырып жатыр. Ағылшындық екінші дивизионда өнер көрсететін (Чемпионшип) «Чарльтонға» жалға беру клуб үшін де, ойыншы үшін де пайдалы екен. Сондай-ақ, футболшыны толық сатып алуға бельгиялық «Брюгге» ниетті. 
Бір айта кетерлігі, Жуков кәсіби деңгейдегі ағылшындық клубта ойнайтын алғашқы қазақстандық болуы мүмкін.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров