«Атыраудың» бас бапкері Виталий Жуковский жұмысынан кететін болды. Кеше беларусиялық маман өзінің инстаграм-парақшасында «мұнайшылармен» қоштасқан жазба қалдырды.
«Атырау», барлығы үшін рахмет. Әлі жолығамыз деп үміттенемін», - делінген В. Жуковскийдің жазбасында.
Айта кетейік, Беларусь бапкеріне «Ордабасы» қызығушылық танытып отыр деген ақпарат тараған. Шымкенттік клуб басшылығы Жуковскиймен қатар тағы бірнеше үміткердің арасында таңдау жүргізіп жатқанға ұқсайды. Біз бұл туралы сайтымызда ақпарат берген болатынбыз. Виталий Жуковский биыл ҚПЛ-де «мұнайшылармен» 7-орын алды. Сондай-ақ, «Атырау» Қазақстан Кубогінің финалына дейін жетіп, онда «Ақтөбеден» ұтылып қалған еді. Беларусиялық жаттықтырушы клубты 2022-жылдан бері дайындап келеді. Оған дейін В. Жуковский беларусияның «Ислочь», «БАТЭ» секілді бірнеше командасын тізгіндеп келді.
Біздің серіктес: FONBET