Жарнама
Жарнама

Жылдың ең үздік футболшысы анықталды

18.12.2020, 06:42
Бұл сыйлық бәрібір «Алтын доптың» орнын баса алмас...
Жарнама
Жарнама

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) өткізген ресми іс-шарада жыл қорытындысын жариялады. Ерлер футболындағы жылдың үздік ойыншысы деп «Бавария» мен Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски танылды.

Сыйлық үшін күресте ол «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду мен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді айналып өтті.

Бұл 32 жастағы футболшы үшін алғашқы сыйлық болды. Алдыңғы жылы бұл жүлдеге Лионель Месси ие болған еді. 2020 жылы Левандовски «Бавариямен» бірге Германия чемпионатында, Германия Кубогында жеңіске жетіп, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Роберт Бундеслигада да, Чемпиондар лигасында да ең үздік бомбардирге айналды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров